Анонстар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

«ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНДЕГІ ТАУАР БЕЛГІЛЕРІ МЕН ГЕОГРАФИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ИЕЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ» ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ

21 қараша, 2025

Құрметті қатысушылар!

Qazpatent филиалы Сіздерді «Орталық Азия елдеріндегі тауар белгілері мен географиялық нұсқамалар иелерінің құқықтарын қорғау» тақырыбындағы оқыту семинарына қатысуға шақырады.

Семинар барысында қатысушылар тауар белгілері мен географиялық нұсқамаларға құқықтарды қорғаудың заманауи тетіктерімен танысады, өңір елдерінің ұлттық заңнамаларының ерекшеліктерін зерделейді, сондай-ақ осы саладағы дауларды қарау кезінде уәкілетті органдар мен сот инстанцияларының өзара іс-қимыл жасау тәжірибесі туралы біледі.

Күні: 21 қараша 2025 жыл

Орны: Алматы қ., Зенков көшесі, 47

Оқыту форматы-гибридті (офлайн/онлайн)

Мақсатты аудитория:

Зияткерлік меншік саласындағы мамандар, мемлекеттік органдардың өкілдері, патенттік сенім білдірілген өкілдер, заңгерлер, кәсіпкерлер, сондай-ақ даралау құралдарына құқықтарды қорғау саласында тәжірибе алмасуға және өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі Орталық Азия елдерінің тыңдаушылары мен сарапшылары.

Бағдарлама

Семинарға тіркелу алдын ала жазылу бойынша жүзеге асырылады.

Қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркелуіңізді өтінеміз: https://forms.yandex.ru/u/68f749c095add50c8af70205

Семинарға қатысу құны - 23000 теңге (ҚҚС-пен)

Теңгемен төлеу үшін банктік деректемелер: 

Қабылдаушы: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

БСН 020940003199

1) "Нурбанк"АҚ

ИИК: KZ8584905KZ006015415

БИК: NURSKZKX

КБЕ: 16

КНП: 859

2) "Халық Банкі" АҚ Астана өңірлік филиалы

ИИК: KZ366017111000000792

БИК: HSBKKZKX

КБЕ: 16

КНП: 859

Қосымша ақпарат алу үшін байланысатын тұлғаларға хабарласуыңызды сұраймыз: Әжімхан Гүлназ, Тайшева Алтынай, +77027843999, +7 771 4562138, +77172621530, телефондары немесе g.azhimkhan@kazpatent.kz, a.taisheva@kazpatent.kz  электрондық пошталары арқылы.