Ұлттық зияткерлік меншік институты
2025 жылғы 16–17 қазан күндері Алматы қаласында Әділет министрлігі мен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) ұйымдастырған, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) қолдауымен өткен «Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару» тақырыбындағы семинар өтті.
Іс-шараға құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі халықаралық және ұлттық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ Қазақстан, Швейцария, Түркия, Беларусь, Армения және Грузия елдерінен келген сарапшылар қатысты.
Семинардың «Құқықтарды ұжымдық басқару жүйесін дамыту және цифрландыру» тақырыбына арналған үшінші сессиясында Ұлттық зияткерлік меншік институтының (Qazpatent) директоры Сабит Ахметов қатысты.
Семинар барысында ұжымдық басқару ұйымдарының тиімді қызметін қамтамасыз ету, олардың жұмысының ашықтығын арттыру, құқық иеленушілердің мүдделерін қорғау, сондай-ақ сыйақыны есептеу мен бөлу процесінде цифрлық құралдарды енгізу мәселелері талқыланды.