Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide
slide

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де Технологиялар мен инновацияларды қолдау орталығының (ТИҚО) салтанатты ашылуы өтті

07 қазан, 2025

2025 жылғы 6 қазанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Технологиялар мен инновацияларды қолдау орталығының (ТИҚО) салтанатты ашылуы өтті.

Іс-шара дөңгелек үстелден басталды. Оның мақсаты – ТИҚО қызметінің болашағын талқылау, зияткерлік қызмет нәтижелерін құқықтық қорғау мен коммерцияландыру мәселелерін қарастыру, сондай-ақ ғылым, бизнес және мемлекеттік құрылымдардың өзара әрекеттестігін нығайту болды.

Қатысушыларға құттықтау сөзбен ЕҰУ Басқарма мүшесі - Ғылым және коммерцияландыру жөніндегі проректоры Жанна Құрманғалиева мен Ұлттық зияткерлік меншік институты (Qazpatent) директорының орынбасары Айдын Артықова сөз сөйледі.

Дөңгелек үстелде университет пен Qazpatent өкілдері, сарапшылар жаңа орталықтың ғылым мен білім саласы үшін стратегиялық маңызын атап өтті. Қатысушылардың пікірінше, ТИҚО студенттер мен жас ғалымдардың инновациялық бастамаларын қолдауға, сондай-ақ университет, бизнес және мемлекеттік құрылымдар арасындағы байланысты нығайтуға серпін береді.

Дөңгелек үстелден кейін орталықтың ресми ашылу рәсімі өтті. Жаңа ТИҚО-ның жұмысы зияткерлік меншік объектілеріне өтінімдерді рәсімдеуге жәрдемдесуді, патенттік зерттеулер жүргізуді, сондай-ақ ғылыми жобаларды құқықтық тұрғыда қорғауды және коммерцияландыру мәселелері бойынша кеңес беруді қамтитын болады.

ЕНУ базасында ТИҚО құру Қазақстандағы инновациялық экожүйенің дамуына жаңа серпін беріп, ғылым мен бизнестің ықпалдастығын нығайтуға, сондай-ақ елдің бәсекеге қабілетті экономикасын қалыптастыруға үлес қоспақ.