Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide
slide
slide
slide

Qazpatent Digital Bridge 2025 панельдік сессиясына қатысты

02 қазан, 2025

2025 жылғы 2 қазанда Астана қаласында, Халықаралық көрме орталығы EXPO алаңында Digital Bridge 2025 халықаралық форумының аясында «AI and Innovation Lifecycle: Қазақстанның даму институттарының синергиясы» тақырыбындағы панельдік сессия өтті.
Сессия ғылым, цифрландыру, өнеркәсіп, инвестициялар және сыртқы сауда салаларындағы жетекші ұлттық даму институттарының басшыларын біріктірді. Спикерлер қатарында Qazpatent директоры Сабит Ахметов, QazInnovations басқарма төрағасы Санат Жолдыхан, Ғылым қоры басқарма төрағасы Арман Ашкин, QazTrade бас директоры Айтмухаммед Алдажаров, Qazaqstan Investment Corporation басқарма төрағасы Дидар Каримсаков және Қазақстан Даму Банкі басқарма төрағасы Марат Елибаев болды.
Талқылау басталғанға дейін ғылым, цифрландыру және өнеркәсіп салаларындағы даму институттарының стратегиялық әріптестік туралы Меморандумына қол қойылды.
Сессия барысында қатысушылар инновациялар мен ЖИ шешімдерінің өмірлік циклі, ғылым, цифрландыру және өнеркәсіптің өзара ықпалдастығы, сондай-ақ технологиялық жобаларды қолдаудың келісілген жүйесін қалыптастыру мәселелерін қарастырды. Өз сөзінде Сабит Ахметов зияткерлік меншіктің инновациялық дамудың негізі ретіндегі маңызын атап өтіп, оның Қазақстанның жаһандық білім экономикасына ықпалдасуындағы шешуші рөлін айқындады.
Digital Bridge форумы дәстүрлі түрде Орталық Азиядағы цифрландыру, жасанды интеллект және инновациялар саласындағы негізгі үрдістерді талқылайтын ең ірі халықаралық алаң болып табылады.