Ұлттық зияткерлік меншік институты
2025 жылғы 24-26 қыркүйек аралығында Алматыда Qazpatent филиалының Оқу орталығы ұйымдастырған оқыту семинары өтті. Іс-шараға ғылыми зерттеу институттары және білім беру ұйымдарының өкілдері, инженерлер, зерттеушілер, зияткерлік меншік саласындағы мамандар және бизнес өкілдері қатысты.
Qazpatent филиалының директоры Зауре Орынбекова алғы сөз сөйлеп, патенттік жүйенің инновациялық даму үшін маңыздылығын және өнертабыстарды қорғаудың құқықтық аспектілері туралы білімді таратудың маңыздылығын атап өтті.
Семинар бағдарламасы ұлттық және халықаралық заңнаманы (Париж конвенциясы, PCT, ЕАПК) патентке қабілеттілік критерийлерін зерделеуді, өтінім беру және сараптама жүргізу ерекшеліктерін қарауды, сондай-ақ патенттік іздестіру және құқықтық құжаттарды дайындау бойынша практикалық сабақтарды қамтыды. Espacenet, WIPO Patentscope және ЕАПО халықаралық дерекқорларымен жұмыс істеуге ерекше назар аударылды.
Qazpatent филиалының сарапшылары мен шақырылған мамандар баяндама жасады, соның ішінде Farabi Supercomputer Center директоры, "Ғылымды коммерцияландыру бойынша Қазақстандық Одағы" РҚБ вице-президенті Амирхан Темирбаев университеттік әзірлемелерді коммерцияландыру тәжірибесін ұсынды.
Қатысушылар іс-шараны ұйымдастырудың жоғары деңгейін, бағдарламаның практикалық бағытын және ұсынылған материалдардың өзектілігін атап өтті. Іс-шара қорытындысы бойынша барлық тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.
Qazpatent филиалы спикерлер мен қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреді. Осындай семинарларды өткізу Қазақстандағы зияткерлік меншік саласында инновациялық ортаны дамытуға және мәдениетті арттыруға ықпал етеді.