Анонстар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Үш күндік оқыту семинары "Қазақстан Республикасындағы өнертабыстар мен пайдалы модельдерді құқықтық қорғау"

24 қыркүйек, 2025

Құрметті қатысушылар!

Qazpatent филиалы Сіздерді "Қазақстан Республикасындағы өнертабыстар мен пайдалы модельдерді құқықтық қорғау"тақырыбындағы үш күндік оқыту семинарына қатысуға шақырады.

Семинар зияткерлік меншік саласындағы мамандардың кәсіби даярлығын арттыруға бағытталған. Қатысушылар өнертабыстар мен пайдалы модельдерді құқықтық қорғаудың өзекті мәселелерімен, халықаралық практикамен және патенттеудің заманауи тәсілдерімен танысуға, сондай-ақ өтінімдерді дайындау мен құқықтарды қорғауда практикалық дағдыларды игеруге мүмкіндік алады.

Бағдарлама шеңберінде келесі сұрақтар қаралатын болады:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасы және халықаралық келісімдер (Париж конвенциясы, Патенттік кооперация туралы Шарт, Еуразиялық патенттік конвенция);
  • өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу, патентке қабілеттілік шарттары;
  • халықаралық патенттеу және патенттік іздеулер;
  • патенттік ақпаратты пайдалану және өтінімдерге сараптама жүргізу;
  • лицензиялау, коммерцияландыру және патенттік құқықтарды қорғау.

Күні: 24-26 қыркүйек 2025 жыл

Орны: Алматы қ. Зенков к-сі, 47

Оқыту форматы – гибридті (офлайн/онлайн)

Оқыту семинары юағдарламасы

Мақсатты аудитория: инженерлер, өнертапқыштар, заңгерлер, патенттік сенім білдірілген өкілдер, кәсіпорындар, жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ техникалық және заң мамандықтарының студенттері.

Семинарға тіркелу алдын ала жазылу бойынша жүзеге асырылады.

Қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркелуіңізді өтінеміз: https://forms.yandex.ru/u/68a54c40e010db25d923023f

Семинарға қатысу құны - 55200 теңге (ҚҚС-пен)

Теңгемен төлеу үшін банктік деректемелер: 

Қабылдаушы: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

БСН 020940003199

1) "Нурбанк"АҚ
ИИК: KZ8584905KZ006015415
БИК: NURSKZKX
КБЕ: 16
КНП: 859

2) "Халық Банкі" АҚ Астана өңірлік филиалы
ИИК: KZ366017111000000792
БИК: HSBKKZKX
КБЕ: 16
КНП: 859

Қосымша ақпарат алу үшін байланысатын тұлғаларға хабарласуыңызды сұраймыз: Тайшева Алтынай, Әжімхан Гүлназ, +7 771 4562138, +77172621530, + 77027843999 телефондары немесе a.taisheva@kazpatent.kz, g.azhimkhan@kazpatent.kz , электрондық пошталары арқылы.