Оқиғалар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Qazpatent кеңсесінде әділет органдарын цифрландыру мәселелері бойынша кеңес өткізді

11 шілде, 2025

2025 жылғы 11 шілдеде Qazpatent кеңсесінде Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау аясында әділет органдарын цифрландыру мәселелері бойынша кеңес өтті. Кеңеске Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов төрағалық етті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев, әділет вице-министрлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары қатысты.

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев министрлік тарапынан жүргізіліп жатқан цифрлық трансформация мен азаматтар мен бизнеске арналған жаңа электрондық сервистерді енгізу барысы туралы баяндама жасады.

Кеңес барысында Qazpatent директоры Сәбит Ахметов зияткерлік меншік саласындағы ақпараттық жүйелердің дамуы туралы баяндама жасап, онлайн-сервистерді жаңғырту мен мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруды қоса алғанда, цифрлық трансформацияның негізгі бағыттарын таныстырды.

Кеңес қорытындысында Премьер-министр Олжас Бектенов әділет органдарының тиімділігін арттыру және азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту мақсатында жасанды интеллект технологияларын қоса алғанда, озық цифрлық шешімдерді енгізудің маңыздылығын атап өтті.