Оқиғалар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide
slide
slide
slide

Qazpatent CNIPA, ДЗМҰ және ЕАПҰ қатысуымен өткен зияткерлік меншікке қатысты халықаралық конференцияны қабылдады

18 маусым, 2025

2025 жылғы 18 маусымда Qazpatent алаңында «Зияткерлік меншік: бизнесті қолдау және патенттік қызметтердің сапасын арттыру» тақырыбында халықаралық конференция өтті. Іс-шара мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар, бизнес пен кәсіби қауымдастық өкілдерін біріктірді.

Конференцияны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы Комитеті мен Qazpatent ұйымдастырды. Шараға Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (ДЗМҰ), Қытай Ұлттық Зияткерлік Меншік Әкімшілігі (CNIPA), Еуразиялық патенттік ұйым, сондай-ақ Қазақстанның жетекші заңгерлері, кәсіпкерлері мен академиялық қауымдастық өкілдері қатысты.

Модераторлар профессор, заң ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілі, Еуразиялық патенттік сенім білдірілген өкіл Төлеш Қаудыров, сондай-ақ Қытайдың Ұлттық Зияткерлік Меншік Әкімшілігі (CNIPA) Патенттерді сараптау департаментінің халықаралық алмасу бөлімінің екінші бөлімінің директоры Ли Сяоцзин болды.

Конференция қатысушыларына құттықтау сөздерін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова, CNIPA комиссары доктор Шэнь Чаньюй, ДЗМҰ-ның Өтпелі және дамыған экономикасы бар елдер департаментінің директоры Хабип Асан және Еуразиялық патенттік ұйымның Еуразиялық Патенттік ведомствосы Ақпараттық технологиялар басқармасы интеграциялық шешімдер бөлімінің басшысы Андрей Секретов арнады.

Конференция бағдарламасы төрт мазмұнды сессиядан тұрды, онда келесі тақырыптар талқыланды:
- зияткерлік меншікті бизнесте пайдалану — идеядан коммерцияландыруға дейін;
- цифрлық сервистерді дамыту және кәсіпкерлерге арналған рәсімдерді жеңілдету;
- зияткерлік меншікті басқарудың өңірлік тәсілдері;
- патенттік ведомстволардың кадрлық әлеуетін дамыту.

Конференция барысында Қытай, Қазақстан және ЕАПВ спикерлері үздік тәжірибелермен, бизнеспен өзара іс-қимыл тетіктерімен және патенттік қызметтердің сапасын арттыру шараларымен бөлісті. Ерекше назар цифрландыруға, халықаралық ынтымақтастыққа және зияткерлік меншіктің экономикалық дамудағы рөліне аударылды.

Конференция тараптардың әріптестікті одан әрі нығайту, халықаралық бағдарламаларды кеңейту және өтінім берушілерге арналған сервистерді жетілдіру жөніндегі ұсыныстарымен алмасу арқылы қорытындыланды.