Оқиғалар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide
slide
slide
slide

Qazpatent ДЗМҰ қатысуымен Қытай мен Орталық Азия елдерінің зияткерлік меншік ведомстволары басшыларының кездесу алаңына айналды

17 маусым, 2025

2025 жылғы 17 маусымда Qazpatent алаңында Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) қатысуымен Орталық Азия елдері мен Қытай Халық Республикасы зияткерлік меншік ведомстволары басшыларының кездесуі өтті.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы Комитеті мен Qazpatent ұйымдастырды және зияткерлік меншік саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылау үшін маңызды өңірлік алаңға айналды.
Ресми бағдарлама басталар алдында шетелдік делегациялар үшін Qazpatent бойынша таныстыру экскурсиясы өткізілді. Қонақтар институт қызметінің негізгі бағыттарымен танысты, сондай-ақ Қазақстанда зияткерлік меншік жүйесін қалыптастыруға және дамытуға тікелей қатысатын сарапшылармен және мамандармен сөйлесті.
Іс-шараға қатысушыларға құттықтау сөзін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова, Қытай Ұлттық Зияткерлік Меншік Әкімшілігінің (CNIPA) комиссары доктор Шэнь Чаньюй және ДЗМҰ-ның Өтпелі және дамушы экономикасы бар елдер департаментінің директоры Хабип Асан арнады.
Кездесу барысында Қазақстан, Қытай, Қырғызстан және Тәжікстан өкілдері ұлттық зияткерлік меншік жүйелерінің қазіргі жай-күйі мен стратегиялық даму басымдықтары туралы баяндамалар жасады. Цифрландыру, патенттік қызмет сапасын арттыру, кадрлар даярлау, сондай-ақ ведомствоаралық және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
Кездесу соңында тараптар зияткерлік меншікті қорғаудың тиімді тетіктері арқылы инновациялық дамуды ілгерілету мен өңірлік серіктестікті тереңдетуге деген ортақ ниетті көрсететін бірлескен мәлімдеме қабылдады.