Ұлттық зияткерлік меншік институты
2024 жылғы 10 желтоқсан күні Qazpatent пен Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (ДЗМҰ) бірлесіп, химия, биология және медицина (ХБжМ) саласындағы патент сараптамасының сарапшылары үшін арнайы онлайн-тренинг өткізді.
ZOOM платформасында ұйымдастырылған іс-шара «Фармацевтика, биотехнология және химия саласындағы өнертабыстарды сараптау» тақырыбына арналды.
Тренингтің негізгі спикері ретінде Еуразиялық патенттік ведомствоның (ЕАПВ) бас сарапшысы, химия саласының маманы Артем Ежов мырза сөз сөйледі. Орыс тілінде жүргізілген дәріс қатысушылардың білімін тереңдетіп, патент сараптамасының күрделі және өзекті аспектілерін игеруіне мүмкіндік берді.
Іс-шараның мақсаты – сарапшылардың кәсіби дағдыларын дамыту болды. Тренинг барысында келесі тақырыптар қарастырылды:
ДЗМҰ мен Qazpatent осындай оқу іс-шараларын ұйымдастыру арқылы Қазақстандағы патенттік жүйенің деңгейін көтеруді жалғастыруды жоспарлап отыр