Анонстар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Құрметті өнертапқыштар мен жаңашылдар!

06 желтоқсан, 2024

Qazpatent Сіздерді ХХ мерейтойлық Республикалық «Шапағат-2024» өнертапқыштық саласындағы жетістіктер байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне және «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беру салтанатына шақырады.

«Шапағат» – ұлттық өнертапқыштық пен инновациялық прогрестің символы

20 жылдан бері «Шапағат» байқауы қазақстандық өнертапқыштардың, ғалымдар мен жаңашылдардың жетістіктерін айқындайтын маңызды шара болып келеді. Бұл байқау ғылым, технология және экономика салаларының дамуына елеулі үлес қосатын жандарды біріктіреді.

«Шапағат-2024» марапаттау рәсімі ел тәуелсіздігін нығайтып, Қазақстанның ғылым мен технологияның жоғары стандарттарына сай халықаралық имиджін күшейтетін өнертапқыштық пен жаңашыл шешімдерді тануға арналған. Мерейтойлық байқаудың басты ерекшеліктері:

  • «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беру – отандық өнертапқыштарға арналған жоғары марапат.
  • 6 номинация бойынша жеңімпаздарды марапаттау, соның ішінде: «Әйел-өнертапқыш», «Ең белсенді өнертапқыш», «Ең үздік инновациялық компания», «Жас өнертапқыш» және «Дарынды жеткіншек».
  • Өнертапқыштық пен патенттік қызметке қосқан үлесі үшін В.И. Блинников атындағы алтын медальді табыстау.
  • «Шапағат» фотокөрмесі – 20 жыл бойы Республикалық өнертапқыштар жетістіктері байқауының жеңімпаздарын марапаттау тарихы.

«Шапағат-2024» марапаттау рәсімі ғылым, бизнес, мемлекеттік басқару және халықаралық ұйымдардың беделді өкілдерін бір жерге жинайтын маңызды оқиға болмақ. Құрметті шетелдік қонақтардың қатарында:

  • Дүниежүзілік интеллектуалдық меншік ұйымының (WIPO) өкілдері;
  • Еуразиялық патенттік ведомство (EAPO);
  • Қытайдың Ұлттық интеллектуалдық меншік басқармасы (CNIPA).

Іс-шараның Бас демеушісі:
«Alageum Electric» компаниялар тобы – Қазақстанның жетекші электротехникалық холдингі.

Іс-шара демеушілері:

  • «Бизнес Парк Навигатор» ЖШС (Samalwater);
  • «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС;
  • "Тагбергенова және серіктестер" зияткерлік меншік агенттігі " ЖШС.
  • «Форте банк» АҚ;
  • "Нұрбанк"АҚ

Марапаттау рәсімі Қазақстанның ғылымы мен инновациясының болашағы үшін ғылым мен шығармашылықтың маңыздылығын көрсететін жарқын оқиға болады. Бұл тек таланттарды тану алаңы ғана емес, сондай-ақ жаңа буын өнертапқыштары үшін шабыт көзі. Баршаңызды қазақстандық жаңашылдар мен өнертапқыштарды қолдаудың жарқын беттерін жазатын осы айтулы шараға қатысуға шақырамыз.

Қатысу және қосымша ақпарат алу үшін бізбен байланысыңыз:

Сіздерді ХХ мерейтойлық «Шапағат-2024» рәсімінде күтеміз! Қазақстанның интеллектуалдық болашағын нығайтуға өз үлестеріңізді қосыңыздар!

Күні мен уақыты: 2024 жылғы 6 желтоқсан, 17:00
Өтетін орны: Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры, Астана қ., Қ. Қуанышбаев көшесі, 8/1.
Кіру тегін.