Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

QAZPATENT азаматтық, экономикалық және әкімшілік соттардың судьяларына арналған вебинар өткізді

17 қазан, 2024

2024 жылғы 17 қазанда Qazpatent «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау» тақырыбында азаматтық, экономикалық және әкімшілік соттардың судьяларына арналған вебинар өткізді.

Вебинар шеңберінде өнертабыстар мен пайдалы модельдерге құқықтарды қорғау мәселелері, Қазақстан Республикасында зияткерлік меншікті реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен келісімдер нормаларын қолдану, сондай-ақ тауар белгілерінің ұқсастығын айқындау ерекшеліктері ашылды.

Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.