Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Qazpatent «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымы үшін вебинарлар сериясын өткізді

17 қазан, 2024

2024 жылғы 15-17 қазан аралығында Qazpatent «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының қызметкерлері мен оқытушы-зерттеушілеріне арналған «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау» тақырыбында вебинарлар сериясын өткізді.

Вебинарлар шеңберінде зияткерлік меншік ұғымы мен маңыздылығы, авторлық құқықты тіркеу, тауар белгілерін құқықтық қорғау, Мадрид жүйесі шеңберінде шетелде тауар белгілерін тіркеу, Қазақстан Республикасында өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу, Патенттік кооперация туралы Шартқа сәйкес өнертабыстарды халықаралық патенттеу және Еуразиялық патенттік Конвенцияға сәйкес өнертабыстарды өңірлік патенттеу, Қазақстан Республикасында және Еуразиялық патенттік Конвенция шеңберінде өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғау, тауарлар шығарылған жерлердің географиялық және тауар шығарылған жердiң атауларын құқықтық қорғау, зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыру, Қазақстан Республикасында зияткерлік меншікті қорғау, сондай-ақ өнеркәсіптік меншік объектілері және даралау құралдары бойынша мемлекеттік қызметтер мәселелері қаралды.

Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.