Анонстар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Республикалық эссе конкурсын өткізу туралы

16 қыркүйек, 2024

QAZPATENT 8-11 сынып оқушыларына арналған жыл сайынғы эссе байқауына өтінімдерді қабылдау туралы хабарлайды.

Эссе тақырыбы: «Жасанды интеллекттің даму дәуіріндегі зияткерлік меншіктің рөлі».

Байқаудың мақсаты – оқушылар арасында шығармашылық белсенділікті ынталандыру, зияткерлік меншік саласындағы білімді насихаттау және тарату, өскелең ұрпаққа патенттік мәдениет негіздерін үйрету.

Байқау 2024 жылдың 16 қыркүйектен 16 қазанға дейін өткізіледі.

Жұмыстар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 2024 жылғы 15 қазанға дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: press@kazpatent.kz.

Қорытындысы 2024 жылғы 15 қарашасында шығарылады.

Конкурс туралы ереже қоса беріледі.