Ұлттық зияткерлік меншік институты
2024 жылғы 11 қыркүйекте Самғау Қорында зияткерлік меншікті қорғау және коммерцияландыру тақырыбына арналған бір күндік тренинг өтті. Іс-шараға Самғау Қорының басшылығы мен қызметкерлері қатысып, патенттік құқық және инновацияларды коммерцияландыру саласындағы білімдерін тереңдетуге мүмкіндік алды.
Qazpatent директорының орынбасары Айдын Артыкова және Самғау Қорының төрағасы Талғат Орашев өздерінің кіріспе сөздерінде зияткерлік меншіктің инновациялық жобаларды сәтті іске асырудағы маңызды рөлін атап өтті. Сондай-ақ олар зияткерлік меншік объектілерімен тиімді жұмыс істеу және оларды нарыққа енгізу үшін қызметкерлердің кәсіби біліктілігін тұрақты түрде арттырудың маңыздылығына назар аударды.
Тренинг аясында жетекші сарапшылардың келесі негізгі тақырыптар бойынша баяндамалары тыңдалды:
Іс-шара барысында Самғау Қорының қызметкерлері патенттік құжаттамамен жұмыс істеудің қыр-сырын ғана емес, сонымен қатар зияткерлік меншікті қорғаудың заманауи әдістерімен де танысты. Қатысушылар өздерінің әзірлемелерін коммерцияландыру стратегияларын әзірлеу бойынша практикалық дағдыларға ие болды, бұл олар үшін күнделікті кәсіби қызметте пайдалы болмақ.
Тренинг белсенді пікірталаспен аяқталып, қатысушылар өз жұмыстарынан нақты мысалдар мен жағдайларды талқылады, сарапшыларға сұрақтар қойып, тәжірибе алмасты. Бұл іс-шара Самғау Қоры қызметкерлерінің біліктілігін арттырудағы маңызды қадам болды және ұйымның инновациялық әлеуетін нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз.
Патенттік ландшафттарға ерекше назар аударылды, олар инновациялар мен патенттік белсенділік саласындағы ағымдағы үрдістерді талдауға, нарықтағы негізгі ойыншыларды анықтауға және технологиялық дамудың болашағын бағалауға мүмкіндік береді. Қатысушылар патенттік ландшафттарды зияткерлік меншік саласындағы стратегиялық жоспарлау мен басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қалай пайдалану керектігі туралы құнды білім алды.
Бұл бастаманы жалғастыру аясында, қазан айының соңында технологияларды коммерцияландыру мәселелері бойынша келесі тренинг өткізу жоспарлануда. Оған «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Казактелеком» АҚ, «Тау-Кен Самұрық» ҰГК» АҚ, «Самұрық-Қазына Өңдеу» ЖШС және «QazaqGaz» ҰК» АҚ компаниялары қатысады. Бұл іс-шара ірі ұлттық корпорациялар мен технологияларды коммерцияландыру саласындағы сарапшылар арасындағы ынтымақтастықты нығайту мен тәжірибе алмасуға бағытталған.