Ұлттық зияткерлік меншік институты
2013 жылдан бері қыркүйектің екінші жексенбісінде елімізде Отбасы күні атап өтіледі.
Осы орайда, Qazpatent қызметкерлері арасында 25 жылдан аса уақыт отауласқан «Күміс кереге» атанған 11 отбасыға құрмет көрсетілді.
Отбасы - біздің қоғамда әрқашанда рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы, түрлі буындар арасын жалғастырушы. Отбасы күнін атап өтудің басты мақсаты - отбасы және неке институтын нығайтып, отбасы құндылықтарын насихаттау.
Сондай-ақ, Qazpatent қызметкерлерінің балалары «Бақытты балалық шақ» тақырыбында сурет салып, отбасының бірлігін арттыра түсті. Қатысушы балалар алғыс хатпен марапатталды және сыйға кітаптар мен тәттілер ұсынылды.
«Отбасы - Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, жанұядағы балаларыңызды сыйластық пен татулыққа тәрбиелеп келесіздер. Отбасының жемісі - тәрбиелі ұл-қызы демекші, мақтан етер, дендері сау, саналы ұрпақтарыңыз көбейсін. Қазақтын әр отбасының керегесі кең, шаңырағы шаттыққа толы болсын!» - деп жылы лебіз білдірді «Ұлттық зияткерлік меншік институтының» РМК директоры Е. Оспанов.