Ұлттық зияткерлік меншік институты
2024 жылғы 18 шілдеде QAZPATENT өкілдері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің көмегімен Ұлттық биотехнология орталығы ұйымдастырған «Инновациялық геномдық және омикалық технологияларды енгізу және дамыту» Инновациялық форумына қатысты.
Инновациялық форум бағдарламасы Қазақстан Республикасындағы ғылыми-техникалық қызметтің дамуын, денсаулық сақтаудағы инновацияның рөлін, ғылыми-техникалық қызметтің коммерцияландыруды мемлекеттік қолдау құралдарын, сондай-ақ генетика және биотехнология саласындағы инновациялық әзірлемелерді қамтыды.
Форум аясында ҰБО базасында Astana Genetic Center және BSI Group бірлескен зертханасының салтанатты ашылуы өтті. AGC зертханасын ашудың бастамашылары ҚР "Технопарк Биоген" кәсіпорны және қытайлық BGI Genomics компаниясы болып табылады.
Форумға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі Күнсұлу Закария, сондай-ақ «QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ, «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ, «Ғылым қоры» АҚ және инновациялық экожүйенің басқа да ұйымдары қатысты.
QAZPATENT Өнертабыстар, пайдалы модельдер және селекциялық жетістіктер департаментінің басшысы Алтынай Батырбекова Инновациялық форумға қатысушыларға еліміздің экономикалық дамуын ынталандыру үшін биотехнологиялық әзірлемелерді патенттік қорғаудың маңыздылығы туралы айтып берді. Ол өз сөзінің аясында геномдық және эксперименттік зерттеулердің нәтижелерін патенттеудің құқықтық аспектілеріне тоқталды, сондай-ақ Қазақстандағы биотехнологиялық инновацияларды дамытудың перспективалық бағыттарын белгіледі.