Оқиғалар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide

QAZPATENT-те үздік ауылшаруашылық тәжірибесі стандарты бойынша семинар өтті

18 шілде, 2024

2024 жылғы 15-18 шілде аралығында QAZPATENT диалогтық алаңында Қазақстан қант-тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қауымдастығы Америка Құрама Штаттарының халықаралық даму агенттігімен (USAID) бірлесіп ұйымдастырған үздік ауылшаруашылық тәжірибелерінің стандарты бойынша семинар өтті.

GLOBALG.A.P. (Global Good Agricultural Practice) – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде қолданылатын сапа мен қауіпсіздік стандарттарының халықаралық жүйесі. Өсімдік шаруашылығымен, мал шаруашылығымен, аквакультурамен және жем өндірумен айналысатын кәсіпорындарда қолданылады. GLOBALG.A.P. стандартының негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы саласындағы басқарудың халықаралық озық тәжірибесінің тұтастығын, ашықтығын және үйлестіруін қамтамасыз ету.

Семинар барысында Қазақстан Республикасында GLOBALG.A.P. стандартын енгізу мәселелері талқыланды. Семинарды ұйымдастырушылар ауылшаруашылық өндірушілерінің жақсы ауылшаруашылық тәжірибесінің талаптарын түсінуінің маңыздылығын атап өтті. Талқылау барысында табиғилығымен және тамаша дәмімен танымал қазақстандық өнімді экспорттау рәсімдерінің практикалық аспектілері қарастырылды. Экспортталатын тауарларды дараландыру құралдарын құқықтық қорғаудың маңыздылығын түсіндіруге ерекше назар аударылды.