Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide

ЮНИДО бағдарламасы бойынша халықаралық кеңесші QAZPATENT қызметімен танысты

27 маусым, 2024

2024 жылдың 27 маусымында Қазақстандағы Жаһандық таза технологияларды инновациялау бағдарламасының (GCIP-Kazakhstan) халықаралық кеңесшісі Джойс Миллер Qazpatent-ке оқу сапарымен келді.

GCIP – климаттық проблемаларды шешу және тұрақты дамуды ілгерілету үшін дамып келе жатқан және дамушы елдерде таза технология инновациялары мен кәсіпкерлікті ілгерілету мақсатында Біріккен Ұлттар Ұйымының Өнеркәсіптік Даму Ұйымы (ЮНИДО) жүргізетін бағдарлама. GCIP-Kazakhstan жобасы институционалдық әлеуетті нығайтуға, Қазақстан Республикасындағы таза технологиялар саласындағы инновациялық шешімдерді әзірлеуге және енгізуге бағытталған.

Qazpatent директорының орынбасары Ерден Құсаин GCIP-Kazakhstan халықаралық кеңесшісін Qazpatent қызметінің негізгі бағыттарымен таныстыра отырып, жаңартылатын энергия көздері саласындағы өнертабыстарға өтінімдерді жеделдетілген сараптау бағдарламасы туралы айтты. Ол сондай-ақ өнертапқыштық қызметті ілгерілетуге және қолдауға бағытталған ұлттық патенттік ведомствоның басқа да бастамалары туралы баяндады.

Сапар Qazpatent пен «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында өтті.