Ұлттық зияткерлік меншік институты
Бүгін Qazpatent-те Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының бас директоры Берік Арын кездесуде болды. Qazpatent директоры Ербол Оспанов қонақты Ұлттық зияткерлік меншік институтының қызметімен таныстырды, сондай-ақ Қазақстан Республикасында «жасыл» өнертабыстарды патенттеуді жеделдету бойынша жүзеге асырылып жатқан бастама туралы айтты. Кездесу барысында ауыл шаруашылығы саласындағы инновациялар, селекциялық жетістіктерді қорғау тенденциялары, технологиялар трансферті мәселелері тоқталып өтті.
Берік Арын зияткерлік меншік жүйесі азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешуге өз үлесін қоса алатынына сенім білдірдіп, Qazpatent-тің инновациялық бастамаларды ілгерілетудегі күш-жігерін жоғары бағалады.
Кездесу қорытындысы бойынша Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдерде ауыл шаруашылығы саласындағы қазақстандық өнертабыстарды ілгерілету туралы келісімге қол жеткізілді.