Ұлттық зияткерлік меншік институты
2024 жылғы 18 маусымда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институтында (QAZPATENT) Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) Жазғы мектебінің ашылуы өтті.
ДЗМҰ Жазғы мектебі – ДЗМҰ QAZPATENT-пен бірлесіп студенттер мен жас мамандар үшін ұйымдастыратын зияткерлік меншік құқығы бойынша екі апталық қарқынды интенсивтік бағдарлама.
ДЗМҰ Жазғы мектебінің ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова құттықтау сөз сөйлеп, іс-шараның жоғары маңыздылығын атап өтті. Ол өз сөзінде ДЗМҰ Жазғы мектебі Қазақстан Республикасының аумағында үшінші рет өткізіліп отырғанын, бұл зияткерлік меншік саласындағы қазақстандық білім беру бастамаларының дамуын көрсететінін атап өтті.
«Қазақстандағы ДЗМҰ Жазғы мектебінің өз тарихы бар. 2022 жылы Болгария, Өзбекстан, Ресей Федерациясы және Тәжікстан өкілдерінің қатысуымен бірінші тренинг сәтті өтті. Өткен жылы Алматыда Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде ДЗМҰ Жазғы мектебі өтті. Биылғы жылы бізге Қазақстанның түрлі қалаларынан, сондай-ақ Беларусь, Молдова және Ресей Федерациясынан келген өкілдер қосылды, бұл жобаға қызығушылықтың артып келе жатқанын атап өтті», - деді Ботагөз Жақселекова.
ДЗМҰ атынан Өтпелі және дамыған елдер департаментінің Кавказ, Орталық Азия және Шығыс Еуропа бөлімінің басшысы Илья Грибков Жазғы мектептің студенттерге қатысу үшін алғысын білдірді. Ол өз сөзінде ДЗМҰ міндеттерінің бірі елдерге зияткерлік меншік саласындағы адам ресурстарын дамытуға көмектесу болып табылатынын және ДЗМҰ Жазғы мектебі осындай көмек көрсету нысандарының бірі болып табылатынын айтты. Бұл жоба зияткерлік меншікті экономикалық, әлеуметтік, мәдени және технологиялық даму құралы ретінде пайдалану туралы, сонымен қатар дүниежүзілік зияткерлік меншік жүйесіндегі ДЗМҰ рөлі туралы білім береді. Сондай-ақ, Илья Грибков Қазақстан Республикасы зияткерлік меншік құқығы туралы білімді таратуда белсенді қадамдар жасап жатқанын атап өтті, бұған Астанада ДЗМҰ жазғы мектебін өткізу ғана емес, сонымен қатар 2024 жылы Мақсұт Нәрікбаев атындағы университетте (КАЗГЮУ) "Зияткерлік меншік және кәсіпкерлік құқық" бағыты бойынша құқық магистрлерін даярлаудың жаңа бағдарламасын іске қосу дәлел.
QAZPATENT директоры Ербол Оспанов ДЗМҰ Жазғы мектебіне қатысушыларды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институты атынан құттықтады. Ол QAZPATENT қызметінің негізгі бағыттарына тоқталып, сабақтар барысында ДЗМҰ Жазғы мектебінің студенттері тәжірибеден нақты жағдайларды зерттейтінін атап өтті.
Тыңдаушыларға зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік саясат туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқықтары департаменті директорының орынбасары Марина Сиротина хабарлады.
ДЗМҰ Жазғы мектебі Астанада 2024 жылғы 18-28 маусым аралығында өтеді. Сабақтардың тақырыптары зияткерлік меншік құқығының барлық негізгі аспектілерін, соның ішінде авторлық және сабақтас құқықтарды, тауар белгілерін, өнертабыстарды, материалдық емес активтерді басқаруды, лицензиялауды, технологияларды беруді, бұзылған құқықтарды қорғауды қамтиды. Жазғы мектеп негізгі тақырыптардан басқа, жасыл технологияларды патенттеу мәселелері, франчайзингтің даму тенденциялары, зияткерлік меншік пен жасанды интеллект арасындағы байланыс және басқа да өзекті тақырыптарды қарастырады.
Сабақтарды ДЗМҰ, QAZPATENT, Еуразиялық патенттік ведомство өкілдері, патенттік сенім білдірілген өкілдер, ғалымдар, тәжірибелі заңгерлер жүргізеді. Тренинг нәтижелері бойынша қатысушылар ДЗМҰ академиясының сертификатын алады.
Айта кету керек, Қазақстан Республикасы ДЗМҰ Жазғы мектебін өткізетін Орталық Азиядағы жалғыз мемлекет. 2024 жылы ДЗМҰ Жазғы мектептері АҚШ, Испания, Корея, Қытай, Сингапур, Ұлыбритания және Швейцарияны қоса алғанда, он жеті елде ұйымдастырылады.
2022–2023 жылдары ДЗМҰ-ның Қазақстандағы жазғы мектебі аясында 100 адам оқытылды. 2024 жылы шет мемлекеттердің өкілдерін қосқанда 50 адам оқытылады.