Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide
slide

«Qazpatent» қызметкерлері «Astana Half Marathon» 2024 қатысты

16 маусым, 2024

2024 жылы маусымның 16-і күні елордада спорт сүйер қауым үшін  «Astana Half Marathon» жүгіру бойынша ауқымды іс-шара өтті. Биыл «Astana Half Marathon» 2024  марафонына 20-дан аса мемлекеттен 6000 атлет қатысқан.

«Qazpatent» қызметкерлері де қалыс қалмай дайындалып, жаттығып жүлделі оралды. Оның ішінде:

- Өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды іске асыру туралы шарттарды тіркеу басқармасы басшысы - Азамат Жакупов – 21 км.;

- Халықаралық тауар таңбаларын сараптау басқармасы басшысы - Әкежан Амангельдин – 10 км.;

- Патенттік құжаттаманы және жарияланымдарды дайындау басқарма басшысы - Шолпан Дюсенбина – 10 км.;

- Авторлық құқық басқармасының аға сарапшысыАйнагуль Тайтыбаева – 10 км.;

- Физика және машина жасау саласындағы патенттік сараптама басқармасының бас сарапшысы -  Ботагөз Омарова – 10 км.;

- Өнертабыстар және селекциялық жетістіктерді формалды сараптау басқармасының сарапшысы - Арайлым Елтаева - 10 км.;

- «Сall центр» бас маманы Жанел Меирбекова – 10 км.

«Qazpatent» қызметкерлері жоғары нәтиже көрсетіп уақытылы мәре сызығын өтіп ұйымдастыршылардан медальдар мен алғыс хаттармен марапатталды. 

Сондай-ақ, «Qazpatent» қызметкерлері химия, биология және медицина саласындағы патенттік сараптама басқармасының бас сарапшысы Дамир Темірғалиев және физика және машина жасау саласындағы патенттік сараптама басқармасының бас сарапшысы Ботагөз Омарова мамырдың 5-і Астана қаласының Ботаникалық саябағында өткекізілген Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай ұйымдастырылған "Kásipodaq Win 2024" марафонына қатысты. 

Ағымдағы жылдың маусымның 1-і Астана қаласының Триатлон паркінде «Charity Samruk Marathon 2024» қайырымдылық марафоны өтті. 1200-ге жуық марафоншылар жиналыған жарысқа халықаралық тауар таңбаларын сараптау басқармасы басшысы Әкежан Амангельдин және химия, биология және медицина саласындағы патенттік сараптама басқармасының бас сарапшысы Дамир Темірғалиев қатысты. Марафон қорытындысы бойынша «Qazpatent» қызметкерлері жүлдегерлер болды. «Осындай марафондарға қатысуға мүмкіндік беріп, қолдау көрсетіп жүрген басшылыққа өз ризашылығымды білдіремін. Марафон тек қана салауатты өмір салтын ұстану емес, қоғамда болып жатқан пайдалы дүниенің бір бөлшегі болу маңызды. Мұндағы мақсат спорттық көрсеткіштерді жаңартып отыру, басқаларды спортпен шұғылдануға шақыру. Жыл басынан бері марафонға қатысып жүрген әріптестерім керемет спорттық рухты көтеріп келеді» - деп атап өтті марафоншы Дамир Темірғалиев.