Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide

Qazpatent сарапшылары Ақмола облысының, Солтүстік Қазақстан облысының, Қостанай облысының аумақтық әділет органдарымен және Атамекен ҰКП-мен бірлесіп оқыту іс-шараларын өткізді

04 маусым, 2024

2024 жылы 4 маусымда Ақмола, 5 маусымда Солтүстік Қазақстан және 6 маусымда Қостанай облыстарында тауар таңбаларын алдын-ала сараптау басқармасы басшысының орынбасары Асем Капбасова және тауар белгілері, географиялық нұсқамалар, тауарлар шығарылған жерлердің атаулары және өнеркәсіптік үлгілер департаментінің бас сарапшысы Раушан Габдулина аумақтық әділет органдарымен және Атамекен ҰКП-мен бірлесіп, жергілікті кәсіпкерлер үшін оқыту іс-шарасын өткізді. Іс-шара барысында QAZPATENT жетекші сарапшылары қатысушыларға тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды, өнеркәсіптік үлгілерді тіркеу және бизнесті жосықсыз бәсекелестерден қорғау тәсілдері туралы өзекті ақпаратты ұсынды. Сондай-ақ қатысушыларға өтінім беру және жеке кабинетте жұмыс істеуде практикалық көмек көрсетілді.