National Institute of Intellectual Property
2024 жылы 4 маусымда Ақмола, 5 маусымда Солтүстік Қазақстан және 6 маусымда Қостанай облыстарында тауар таңбаларын алдын-ала сараптау басқармасы басшысының орынбасары Асем Капбасова және тауар белгілері, географиялық нұсқамалар, тауарлар шығарылған жерлердің атаулары және өнеркәсіптік үлгілер департаментінің бас сарапшысы Раушан Габдулина аумақтық әділет органдарымен және Атамекен ҰКП-мен бірлесіп, жергілікті кәсіпкерлер үшін оқыту іс-шарасын өткізді. Іс-шара барысында QAZPATENT жетекші сарапшылары қатысушыларға тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды, өнеркәсіптік үлгілерді тіркеу және бизнесті жосықсыз бәсекелестерден қорғау тәсілдері туралы өзекті ақпаратты ұсынды. Сондай-ақ қатысушыларға өтінім беру және жеке кабинетте жұмыс істеуде практикалық көмек көрсетілді.