Ұлттық зияткерлік меншік институты
30 мамырда Qazpatent әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің профессор-оқытушылар құрамына «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау» тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинар аясында өнеркәсіптік үлгілердің құқықтық қорғаудың Еуразиялық жүйесі, тауар белгілерін халықаралық тіркеуге өтінімді ресімдеу, тауар белгілеріне өтінімдерді беруге қойылатын талаптар, Қазақстан Республикасында тауар белгілерін құқықтық қорғау, Қазақстан Республикасында тауарлар шығарылған жерлердің географиялық нұсқамалар мен атауларын құқықтық қорғау, сондай-ақ зияткерлік меншікті қорғау мәселелері ашылды.
Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.