Оқиғалар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide

Жапон патенттік ведомствосымен (JPO) бірлескен семинардың екінші соңғы күні

29 мамыр, 2024

2024 жылғы 29 Мамырда Жапония Патенттік ведомствосымен (JPO) бірлескен семинардың екінші соңғы күні өтті.
Күннің тақырыбы контрафактілік өнімдермен күрес шараларына арналды.
Қазақстандық мемлекеттік органдар тарапынан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқықтары департаментінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Кедендік бақылау департаментінің спикерлері қатысып, олар жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясат және нарықты контрафактілік өнімнен қорғауға бағытталған шаралар туралы айтып берді.
Бұған жауап ретінде Жапониядан келген делегация іс-шараға қатысушыларды JPO қабылдаған контрафактіге қарсы іс-шаралармен таныстырды, сондай-ақ Жапониядағы контрафактіге қарсы күреске қатысатын ведомстволар арасындағы ынтымақтастық туралы айтты. Жапонияда күрделі техникалар мен мұқият жасырылған бұзушылықтардың соңғы жағдайлары талқыланды.
"Сұрақ-жауап" секциясы барысында тараптар өздерін қызықтырған мәселелерді талқылады, сондай-ақ айтылған сұрақтарға неғұрлым егжей-тегжейлі жауап алу қажет болған жағдайда байланыстармен алмасты.
Екі күндік бірлескен іс-шара соңында Qazpatent директорының орынбасары Ерден Құсаин қонақтар мен спикерлерге қатысу үшін алғысын білдірді, сондай-ақ JPO-мен одан әрі ынтымақтастықты дамытуға үміт білдірді.