Оқиғалар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide

QAZPATENT-ТЕ ЖАПОНДЫҚ ПАТЕНТТІК ВЕДОМСТВОМЕН (JPO) БІРЛЕСКЕН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТУДЕ

28 мамыр, 2024

2024 жылғы 28 мамырда Qazpatent және Жапон патенттік ведомствосының (JPO) екі күндік бірлескен семинар-тренингінің бірінші күні басталды.
Семинарды Qazpatent директоры Ербол Оспанов, JPO халықаралық ынтымақтастық департаментінің басшысы Йошино Сачие ханым, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқықтары департаменті директорының орынбасары Марина Сиротина кіріспе сөзімен ашты. Семинардың бірінші күнін тауар белгілері және патенттік сараптама саласындағы екі патенттік ведомствоның сарапшылары арасында тәжірибе алмасуға арнау жоспарлануда. Qazpatent атынан тауар таңбалары, географиялық нұсқамалар, ТШЖА және өнеркәсіптік үлгілер департаменті басшысының орынбасары Аягүл Абитбекова, Өнертабыстар, пайдалы модельдер және селекциялық жетістіктер департаментінің басшысы Алтынай Батырбекова сөз сөйлеп, Қазақстандағы сараптаманың ерекшеліктерімен таныстырды. JPO өз тарапынан Жапониядағы патенттік және тауарлық белгілерді тексерудің маңызды сәттерін атап өтті.
Екінші күн контрафакцияға қарсы іс-қимыл шараларын талқылауға арналады. Диалогқа ЗМҚД, Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары тартылатын болады. Контрафакцияға қарсы күрестің құқықтық және практикалық аспектілерін талқылау жоспарлануда.
Бірлескен семинар 2023 жылы Женевада ДЗМҰ Бас Ассамблеясы кезінде Qazpatent пен JPO арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум аясында өткізіліп жатыр.