Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

«Ортақ сараптамалық кеңістік: патенттік қорғаудың өзекті мәселелері» өңірлік семинарға қатысу, Ереван қ. Армения Республикасы

16 мамыр, 2024

2024 жылғы 15-16 мамырда Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі және Ұлттық зияткерлік меншік институтының (ҰЗМИ) өкілдері - Зияткерлік меншік құқығы Департаментінің директорының орынбасары Марина Сиротина және ҰЗМИ-ның Өнертабыстар, пайдалы модельдер және селекциялық жетістіктер департаменті басшысының орынбасары Гүлдана Қожахметова Ереван қаласында (Армения Республикасы) өткен «Ортақ сараптамалық кеңістік: патенттік қорғаудың өзекті мәселелері» өңірлік семинарына қатысты. Семинарды Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) қолдауымен Еуразиялық патенттік ұйымымен Армения Республикасы Экономика министрлігінің Зияткерлік меншік Кеңсесі ұйымдастырды.

Семинар жұмысына ДЗМҰ, Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының, Қазақстан Республикасының, Тәжікстан Республикасының, Түрікменстанның, Ресей Федерациясының патенттік ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ Еуропалық бизнес қауымдастығының зияткерлік меншік комитетінің өкілдері, еуразиялық патенттік сенім білдірілген өкілдер және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.

Семинар аясында фармацевтика саласындағы өнертабыстарды патенттік қорғаудың реттелу мәселелері бойынша Марина Сиротина, ал компьютер арқылы іске асырылатын, онын ішінде жасанды интеллект технологиясы қолданылатын өнертабыстарды патенттеудің ерекшеліктері туралы Гүлдана Қожахметова баяндама жасады.

Семинар барысында фармацевтика саласындағы патенттеудің, компьютердің көмегімен немесе жасанды интеллектті пайдалана отырып іске асырылатын өнертабыстарды патенттік қорғаудың, графикалық интерфейстерді қорғаудың және қорғалатын тауар белгілері мен авторлық құқық объектілері элементтері бар дизайнның сараптамасының өзекті мәселелері талқыланды.