Ұлттық зияткерлік меншік институты
Ағымдағы жылы мамырдың 14-і күні «Qazpatent» қабырғасында қоғамдағы мәселелердің бірі «Интернет-алаяқтық» бойынша кездесу өтті. Кездесуге Астана қаласы Есіл ауданы Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілдері полиция капитандарыы Бағдаулет Оспанбаев, Ташпеков Ержан қатысты.
Спикер бүгінгі таңда өзекті «Интернет-алаяқтық» тақырыбында сөз сөйлеп, интернет-алаяқтық түрлерімен таныстырды, алаяқтықтың ықтимал схемалары туралы ескертті.
«Соңғы уақытта «WhatsApp», «Telegram» мессенджерлерін пайдалана отырып, азаматтарды алдау жағдайлары жиілеп кетті. Осыған байланысты ҚР ІІМ азаматтарды қырағы болуға және күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге шақырады. Мұндай хаттар келген кезде оларды ашпауға және жіберушімен дереу байланысуға кеңес береміз» - деп атап өтті Бағдаулет Оспанбаев.