Оқиғалар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide

Астанада оқушыларға арналған ІІ халықаралық ғылыми форум өтті

12 сәуір, 2024

2024 жылғы 11-13 сәуір аралығында Астана қаласында «Ғылыми білім, инновация және жастар-тұрақты даму негіздері» халықаралық конкурстарының жеңімпаз оқушыларына арналған II Халықаралық ғылыми форум (бұдан әрі – Форум) өтті. Іс-шара Халықаралық зияткерлік меншік күнін, Қазақстан Ғылым қызметкерлері күнін және академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығын мерекелеуге орайластырылған.

Форумның мақсаты – ғылымды насихаттау, балалардың ғылыми шығармашылығын көтермелеу, ғылыми әлеуетті арттыру және қазақстандық оқушыларды халықаралық ғылыми қоғамдастыққа кеңінен тарту.

Форумды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Qazpatent, «International Centre of Scientific collaborations» Жеке Мекемесі (ICSC), «Бір белдеу және бір жол» Халықаралық ғылыми-білім беру консорциумы (BRISEC) ұйымдастырды.

Іс-шараны Президенттік Орталықта ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев, BRISEC президенті профессор Хянг Пинг Ву, ICSC президенті Лаззат Құсайынова ашты. Модераторлар мен спикерлер халықаралық конкурстардың жеңімпаз оқушылары болып табылады.

Қарамай жастар ғылым және білім орталығының (Қытай) семинар-тренингтерін қамтитын форумның екінші және үшінші негізгі күндері Qazpatent алаңында өтті.

Форум жұмысының нәтижелері бойынша 2024 жылғы 13 сәуірде Qazpatent - те қатысушылар мен еріктілерге сертификаттар мен алғыс хаттар табыс етілді.

Іс-шараға барлығы 700-ге жуық адам (онлайн және офлайн) қатысды.

Форум-2024 «Ғылымдағы балалар» және IX-«Жас өнертапқыш мектебінің» жобалары шеңберінде өткізілді.