Оқиғалар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide
slide
slide
slide

Qazpatent шаңырағындағы Наурыз мейрамы

19 наурыз, 2024

Биылғы жылы елімізде Наурыз мейрамын жыл сайын он күн бойы – 14-23 наурыз аралығында тойланады.  «Наурызнама» онкүндігі Наурыз мейрамының мән-мағынасы мен мазмұнын байытып, түрлі мәдени және дәстүрлі іс-шараларды қамтиды. Әр күн қазақ мәдениеті мен қоғамының байлығы мен алуан түрлілігін көрсететін белгілі бір тақырып пен құндылыққа арналады. Наурызнама онкүндігі қайырымдылық пен мәдени шаралардан бастап, ұлттық салт-дәстүрлер мен ұлттық ойындар қоғамның барлық саласын қамтуға бағытталған.

Осы орайда, Qazpatent мекемесінде «Наурызнама» онкүндігінде 14 наурыз – «Көрісу күні – Амал мерекесі», 19 наурыз – «Тұсаукесер» ұлттық салт-дәстүр көрсетілімі, 18-19-20 наурыз – «Ұлттық киім күні», 20 наурыз «Ұлттық ойындар» күні ішінде арқан тарту, қол күрес және кір көтеру сайыстары ұйымдастырылып Наурызнаманың онкүндігіне іс-шаралар легі өтіп жатыр. 

Қазақстан Республикасы Әділет министрілігі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК директоры Ербол Оспанов: «Наурыз мейрамы – достықтың, ынтымақтың, ырыс-берекенің, жаңарудың мерекесі және халықтар бірлігі мен татулығының бастауы. Наурызнама декадасын халық ерекше ықыласпен қабыл алып, тәлім-тәрбиеге, салт-дәстүрге толы әр іс-шараға белсене қатысып жүр» - деп атап өтті.

Сондай-ақ 23 наурыз «Қайырымдылық күні» аясында «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы МКҚК ұйымдастыратын «Super әже» іс-шарасына ақпараттық қолдау көрсетілетін болады.