Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің өкілдерімен кездесу өтті

14 наурыз, 2024

2024 жылғы 14 наурызда Qazpatent Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің (ҚР СРИМ СШК) ҚР СРИМ СШК төрағасының орынбасары Әділбек Әубәкіров бастаған делегациясымен екіжақты танысу кездесуін өткізді.
Qazpatent директоры Ербол Оспанов Қазақстанда су ресурстарын ұтымды пайдалануға бағытталған жаңа технологияларды әзірлеу және енгізу тақырыбының маңыздылығы мен өзектілігін атап өткен алғы сөзімен кездесу ашты.
Qazpatent директорының орынбасары Айдын Артықова қонақтарды ведомствоның негізгі қызметімен таныстырып, Qazpatent ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, жұқпалы ауруларды диагностикалау, алдын алу және емдеу, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері салаларында патенттік өтінімдерді жедел сараптау мүмкіндігін ұсынатынын атап өтті. Тараптар суды өңдеу және тазарту саласын қосу арқылы осындай тізімді кеңейту мүмкіндігін талқылады.
Бірінші танысу кездесуінің нәтижелері бойынша тараптар өз құзыреті шеңберінде су үнемдеу және су тазарту саласындағы өнертапқыштықты ынталандыру мәселелерінде одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.