Ұлттық зияткерлік меншік институты
2024 жылғы 27 ақпанда Qazpatent аудандық және оларға теңестірілген азаматтық істерді қарайтын соттардың судьяларына «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау» тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинар аясында авторлық құқық, өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу, өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғау, сондай-ақ өнеркәсіптік үлгілер бойынша сот практикасы мәселелері талқыланды.
Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.