Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Qazpatent зияткерлік меншік саласындағы «Городисский и Партнёры» заң фирмасымен және «Ғылым қоры» АҚ бірлесіп семинар өткізді

14 ақпан, 2024

14 ақпанда Qazpatent зияткерлік меншік саласындағы «Городисский и Партнёры» халықаралық заң фирмасымен және «Ғылым қоры» АҚ бірлесіп «Зияткерлік меншік: бизнесті табысты дамыту үшін зияткерлік меншікті сақтау мен қорғаудың кейбір аспектілері» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар барысында Еуразиялық аймақтағы айрықша құқықтарды құқықтық қорғау мәселелері, сондай-ақ Еуразиялық жүйені пайдалана отырып, өнертабыстарды шетелде патенттеу және дизайнды қорғау ерекшеліктері талқыланды. Семинар аясында Qazpatent атынан директордың орынбасары Артықова Айдын Қыдырбайқызы кіріспе сөз сөйледі, тақырыптық презентациялармен патенттік сенім білдірілген өкілдер, «Городисский и Партнёры» заң фирмасының серіктестері және «Ғылым қоры» АҚ заң кеңесшісі сөз сөйледі.