Ұлттық зияткерлік меншік институты
2024 жылғы 7 ақпанда Qazpatent мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттардың, аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьяларына «Тауар белгілерін қорғаудың кейбір мәселелері» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар шеңберінде тауар белгілерінің араласу дәрежесіне дейін ұқсастықтарды бағалау бойынша құқық қолдану практикасы және өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясы мен ТРИПС келісіміне сәйкес тауар белгілерін тіркеуден бас тарту негіздері мәселелері талқыланды.
Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.