Оқиғалар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide

Антикор өкілі «Qazpatent» қызметкерлері үшін семинар-кеңес өткізді

19 қаңтар, 2024

2024 жылғы 19 қаңтарда сағат 15:00-де «Qazpatent» сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа бейілділігін растау мақсатында «Қазақстан Республикасының Сыбайжас жемқорлыққа саясат» бойынша семинар-кеңес өтті.

Спикерлер ретінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру басқармасының басшысы Мирас Қарғабай және «Qazpatent» комплаенс-офицері және әдеп жөніндегі инспектор Индира Байтасова сөз сөйледі. Семинарға «Qazpatent» қызметкерлері, сондай-ақ Алматы қаласында орналасқан «Qazpatent» филиалының өкілдері онлайн ZOOM платформасы арқылы қатысты.

Сыбайлас жемқорлық – бұл үнемі мұқият зерделеуді, жүйелі көзқарасты, кешенді және жедел қарсылықты қажет ететін қазіргі қоғамның жағымсыз құбылысы.

Семинар барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның талаптары түсіндірілді, қылмыстық және әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.