Ұлттық зияткерлік меншік институты
Ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында Qazpatent сарапшылары Ақмола облысының Әділет департаменті ұйымдастырған «Зияткерлік меншік саласындағы мүдделі тұлғалармен өзара ынтымақтастықтың қорытындылары туралы» семинарда спикерлер ретінде сөз сөйледі. Семинар Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің базасында Ақмола облысының білім басқармасы өкілдерінің, оқытушылардың, студенттердың қатысуымен өтті.
Спикер ретінде сөз сөйлеген Qazpatent сарапшылары зияткерлік меншіктің әртүрлі аспектілері туралы толық ақпарат берді. Аягүл Әбітбекова географиялық көрсеткіштер және өңірлік брендтерді дамыту саласындағы өз тәжірибесімен бөлісті, Алтынай Тайшева Қазақстан Республикасында тауар белгілерін құқықтық қорғау туралы айтып берді, ал Назифа Бақтыбаева тыңдаушыларға «Технологиялар мен инновацияларды қолдау орталықтары (ТИҚО)» жобасын ұсынды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда өнертапқыштар мен кәсіпкерлерді қолдауда шешуші рөл атқаратын 23 ТИҚО табысты жұмыс істеуде. Qazpatent үйлестірушілерді оқыту, ақпарат пен оқу материалдарын ұсыну, сондай-ақ ақпараттандыруды арттыру жөніндегі іс-шараларды қолдау арқылы олардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ете отырып, осы орталықтарға белсенді түрде жәрдемдеседі.
Айта кетейік, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің базасында технологиялар мен инновацияларды қолдау орталығын құру туралы келісімге ағымдағы жылдың сәуір айында қол қойылды.
Семинар соңында Құқық және бизнес жоғары мектебінің директоры А. Ж. Ысқақов Qazpatent спикерлеріне алғыс грамоталарын табыстап, құнды үлестері үшін алғысын білдірді.
Көкшетау қаласына сапар аясында спикерлер Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасына барып, "жергілікті брендті қорғау" тақырыбындағы дөңгелек үстелге белсенді қатысты. Өңірдің инновациялық қоғамдастығының өкілдері географиялық көрсеткіштерді тіркеудің, өңірді экономикалық қолдау үшін өңірлік брендтерді дамытудың, Ақмола облысы субъектілерінің инвестициялық тартымдылығын арттырудың маңыздылығын атап өткен сарапшылардан құнды ұсыныстар алды.