Ұлттық зияткерлік меншік институты
Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай «Qazpatent» қызметкерлеріне «Кейс-стади» бизнес ойыны өткізілді.
«Кейс-стади» (CaseStudy) – проблемалық-ситуациялық талдау әдісі арқылы берілген мәселелерді шешуге негізделген тәсіл. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша білім беруде кейс-стади әдісі оқытуды өткізуде интерактивті түрін қамтиды, оның барысында сыбайлас жемқорлықтың әртүрлі жағдайларына, себептері мен нысандарына байланысты жағдайлар қарастырылады және қандай жағдайда сыбайлас жемқорлыққа тап болатынын және оған қалай қарсы тұру керектігін түсінуге ықпал етеді – деп атап өтті Комплаенс-офицер және әдеп жөніндегі уәкіл Индира Байтасова.
Қатысушы қызметкерлер берілген істің себеп-салдарын баяндап, қылмыстың алдын алу арқылы оның болдырмау жолдарын ұсынды.
Осындай талқылаулар барысында сыбайлас жемқорлықты қабылдамауға, жауапкершілікке және кәсіби қызметке саналы көзқарасқа негізделген азаматтық ұстаным қалыптасады.