Ұлттық зияткерлік меншік институты
2023 жылғы 16 қазанда басталған үздік эссеге оқушылар арасындағы жыл сайынғы республикалық байқаудың қорытындысы шығарылды.
Байқаудың мақсаты – оқушылар арасында шығармашылық белсенділікті ынталандыру, зияткерлік меншік саласындағы білімді насихаттау және тарату, өскелең ұрпаққа патенттік мәдениет негіздерін үйрету.
Байқауға 8-11 сынып оқушылары қатысты. Конкурсқа мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде барлығы 150-ден астам эссе түсті. Комиссия ең жақсы эсселерді таңдады.
Конкурс жеңімпаздары конкурстық жұмыстар сапасының мынадай критерийлеріне сүйене отырып айқындалады:
- конкурс тақырыбына сәйкестігі;
- материалды берудің өзіндік ерекшелігі;
- авторлық позицияның өзіндік ерекшелігі;
- таңдалған тақырыпты ашу тереңдігі.
Конкурстық комиссияның шешімі:
1 орын –
Астана қаласының № 31 мектеп-гимназияның 11 «Д» сынып оқушысы Айбек Улханов;
2 орын –
Ulttyq Business&Engineering School мектеп-лицейінің 10 «Б» сынып оқушысы Алира Адик;
«SKILLSET SCHOOLS» мектебінің 9 «В» сынып оқушысы Жәнібек Айша;
3 орын –
Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 «В» оқушысы Еркінбекова Аруна;
А. Байтұрсынов атындағы мектеп-лицейдің 11 «Ж» сынып оқушысы Жексенова Дильназ;
Астана қаласының №79 мектеп-лицейінің 8 «В» сынып оқушысы Нұрмағанбетова Самира.
Конкурстық комиссия идеялардың түпнұсқалығын, эссе құрылымын, грамматикалық дұрыстығын және дәлелдің күшін ескере отырып, әр жұмысты талдай отырып, ең жақсы эсселерді мұқият бағалау және іріктеу жүргізді.
Жеңімпаздар салтанатты жағдайда дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.
Іс-шараның өткізілетін күні туралы қосымша хабарланатын болады.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға күш-жігері мен шығармашылығы үшін алғыс айтамыз!
Сонымен қатар, конкурстық комиссия таңдалған келесі қатысушыларды шығармашылық көзқарасы үшін алғыс хаттармен көтермелеу туралы бірауыздан шешім қабылдады:
1. Астана қаласының «№ 36 орта мектебі» КММ 9 «Б» сынып оқушысы Утеуова Карина;
2. Астана қаласының «№ 72 мектеп-лицейінің» 10 «Ғ» сынып оқушысы Кулпыбаева Дамели;
3. Астана қаласының Astana Garden School 10 сынып оқушысы Абдугалиева Амина;
4. Тараз қаласының Назарбаев зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы Дауренбай Санжар;
5. Астана қаласының «№ 36 орта мектебі» КММ 9 «Б» сынып оқушысы Побережная Анастасия;
6. Алматы қаласының «№ 134 лицей» КММ 11 «Д» сынып оқушысы Нефедова Валентина;
7. Астана қаласының «№ 36 орта мектебі» КММ 11 сынып оқушысы Ероцкий Александр;
8. Астана қаласының «№ 79 мектеп-лицейінің» 9 «В» сынып оқушысы Бектагулова Сабира;
9. Астана қаласының «SEED EDUCATIONAL COMPLEX» мектебінің 11 сынып оқушысы Кузербаева Эрмина;
10. Астана қаласының «№ 60 мектеп - лицейі» ШЖҚ МКК 10 «Ғ» сыныбының оқушысы Касенова Томирис.