Ұлттық зияткерлік меншік институты
Ағымдағы жылдың 2-3 қарашасы аралығында Астанада тауар танбаларының тіркеу қабілетін сот арқылы тексеруге арналған семинар өтті. Іс-шараны Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (ДЗМҰ), Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және Qazpatent ұйымдастырды. Семинар гибридті форматта өтті.
Семинарда зияткерлік меншік саласындағы халықаралық және қазақстандық сарапшылар сөз сөйледі. Қатысушылар мен спикерлер білім мен тәжірибе алмасып, құқық қолдану практикасын, Қазақстанда және шетелдегі әдіснаманы, сондай-ақ семинар тақырыбы аясындағы басқа да өзекті мәселелерді талқылады.