Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide
slide

QAZPATENT "ӘДІЛЕТ КЕҢЕС БЕРЕДІ" АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

26 қазан, 2023

Бүгін Qаzpatent қызметкерлері Астана қаласының Әділет департаментімен бірлесіп, Сарыарқа ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығында «Әділет органдарының ашық есік күні» акциясын өткізді.

Аталған акцияға Qаzpatent өкілдері, Астана қаласы бойынша атқарушы округінің өңірлік жеке сот орындаушылар палатасының, Астана қаласы Әділет департаментінің қызметкерлері, "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ өкілдері, заң кеңесшілері, сондай-ақ Астана қаласы нотариустары мен адвокаттары қатысты.

Іс шараның басты мақсаты елорда азаматтарымен қонақтарына құқықтық көмек көрсету болып табылады.

Авторлық құқық басқармасы басшысы Аввалова Раушан, географиялық нұсқамалар және тауар шығарылған жерлердің атауларын сараптау басқармасынан бас сарапшы Габдуллина Раушан, мемлекеттік тізілімдер, жарияланымдар және өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды іске асыру туралы шарттарды тіркеу департаментінің сарапшысы Абдрахманова Жазира, IPR Center басқармасының маманы Файзуллаева Азиза, өнертабыстар және селекциялық жетістіктерді формалды сараптау басқармасының бас сарапшысы Жұбанов Олжас, Физика және машина жасау саласындағы патенттік сараптама басқармасы бас сарапшысы Салим Амир зияткершілік меншік құқықтарын қорғау, өтініштер беру және құқықтық мәселелер саласындағы қолданыстағы заңнаманы түсіндіріп, келіп түскен барлық сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, құқықтық көмек көрсетті.