Оқиғалар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide
slide
slide
slide

Qazpatent «Digital Bridge 2023» көрмесінде панельдік сессия өткізді

13 қазан, 2023

13 қазанда Qazpatent «Digital Bridge 2023» халықаралық технологиялық форумы аясында «AI as a New Era of IP: Curent Trends and Challenges» («Жасанды интеллект зияткерлік меншіктің жаңа дәуірі ретінде: Заманауи трендтер мен сын-қатерлер») тақырыбында панельдік сессия өткізді.

Іс-шара жасанды интеллектті дамыту және енгізу контекстінде зияткерлік меншік саласын ілгерілету және дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

Панельдік сессияның модераторы Maqsut Narikbayev University профессоры, Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілі және Еуразиялық патенттік сенім білдірілген өкілі Төлеш Каудыров болды.

Панельдік сессияның спикерлері – ҚР Әділет Вице-министрі Ботагөз Жақселекова, АХҚО және ХТО сотының тіркеушісі және аппарат басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холт, ReLive бас директоры Бейбит Абдикенов, Dentons Kazakhstan-ның аға заңгері Алия Сеитова және Aqiqat корпоративтік заңгерлер Коалициясының басқарма мүшесі Шыңғыс Темір болды.

Панельдік сессия спикерлері ЗМ-тің патенттік жүйеге ықпалының өзекті мәселелерін және патенттік стратегиялардың өзгеруін, ЗМ-ті пайдаланудың құқықтық аспектілерін: шетелдік тәжірибе мен сот практикасын, сондай-ақ ЗМ-ті жаңа зияткерлік меншік объектілерін құру құралы ретінде пайдалану мәселелерін талқылады.

Qazpatent панельдік сессияның барлық қатысушыларына зияткерлік меншік саласындағы білімді байытуға қосқан құнды үлесі үшін алғысын білдіреді және біздің елімізде зияткерлік меншік пен инновацияны одан әрі дамытуға ықпал ететін жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға үміттенеді.