Ұлттық зияткерлік меншік институты
2023 жылдың 29-30 тамызында Қырғыз Республикасының Бішкек қаласында Еуразиялық патенттік ведомство (ЕАПВ) Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен (ДЗМҰ) және Қырғыз Республикасының Үкіметі жанындағы Зияткерлік меншік және инновациялар мемлекеттік қызметімен бірлесіп «ЗМ бағалау» ЕАПҰ қатысушы мемлекеттерінде зияткерлік меншікті коммерцияландыру саласындағы технопарктердің әлеуетін нығайту бойынша өңірлік семинар өткізді.
Семинарға зияткерлік қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы технопарктердің мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі пилоттық жобаға қатысатын Қазақстан, Ресей, Беларусь және Армения технопарктері мен зияткерлік меншік ведомствосының өкілдері қатысты.
Семинар аясында білім беру мекемелеріндегі ЗМ құнын бағалау, материалдық емес активтерді бағалаудың негізгі қағидаттары, әдіснамалар мен оларды шектеу, зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды кепілге қою, табысқа негізделген озық әдістер мәселелері ашылды.