Ұлттық зияткерлік меншік институты
Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымына мүше мемлекеттер Ассамблеясы отырыстарының алпыс төртінші сериясы Швейцарияның Женева қаласындағы ДЗМҰ штаб-пәтерінде өтуде. 6-14 шілде аралығында ДЗМҰ-ға мүше 193 мемлекеттің делегаттары зияткерлік меншіктің (ЗМ) жаһандық экожүйесінің болашағын және барлық елдердің экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуына ықпал ететін іс-шараларды талқылау үшін жиналды. ДЗМҰ Бас ассамблеясының, сондай-ақ 17 басқа ассамблеяның, Берн одағының атқару комитетінің және ДЗМҰ Үйлестіру кеңесінің отырыстары өту үстінде.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі Азамат Несіпбайұлы Есқараев бастаған Қазақстан делегациясы және Казпатент өкілдері ДЗМҰ Бас Ассамблеясының отырыстарына қатысуда.
2023 жылғы 5 шілдеде ДЗМҰ Ассамблеялары отырыстарының 64-ші сериясы аясында делегацияның ДЗМҰ Бас директоры Дарен Танг мырзамен кездесуі өтті. Қазақстан делегациясымен кездесуге ДЗМҰ бас директорының орынбасары – Хасан Клэйб, Өтпелі және дамыған экономикасы бар елдер бөлімінің директоры – Хабип Асан қатысты. Кездесу барысында А. Есқараев көпжақты ынтымақтастықтың басым міндеттері мен одан әрі даму перспективаларын атап өтті. Инновациялық қызмет субъектілерімен өзара іс-қимыл жасауға және «Апорт» Алматы алмасының перспективалық географиялық нұсқама (ГН) ілгерілету жөніндегі бірлескен жұмыс нәтижелерін жариялау жөніндегі міндеттерге ерекше назар аударылды.
6 шілдеде сөз сөйлеу барысында ҚР Әділет министрі А.Есқараев Қазақстан зияткерлік меншік құқықтарын қорғауға және сақтауға үлкен мән беріп отырғанын және патенттерді, тауар белгілерін, өнеркәсіптік үлгілерді тіркеудің ұлттық жүйесін жақсарту бойынша жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
7 шілдеде директор Е.Оспанов бастаған Казпатент делегациясы Жапон патенттік ведомствосымен (JPO) ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Оның шеңберінде инфрақұрылымға қатысты тәжірибе алмасу және ЗМ пайдаланушылары мен ведомстволары арасындағы өзара іс-қимылды дамыту көзделген. Тараптар бір-бірін жылы қарсы алды және жұмыстағы соңғы үрдістер туралы ақпаратпен алмасып, перспективалық ынтымақтастық жоспарын белгіледі. Жапон патенттік ведомствосының (EPO) комиссары HAMANO Koichi мырза қол қойылған меморандумның маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті.
Осы күні Казпатент пен Британдық патенттік ведомство арасында Меморандумға қол қойылды. UKIPO ведомствосының басшысы Адам Уильямс мырза тәжірибе алмасу мен ынтымақтастықты дамыту Ұлыбританияның озық инвестициялық компанияларын тартуда және зияткерлік меншікті қорғауда экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ететінін атап өтті. Казпатент директоры Қазақстандағы зияткерлік меншік жүйесін дамытудың маңыздылығын атап өтіп, ЗМ саласындағы өзекті мәселелерді талқылау үшін Казпатент алаңын ұсынды.
Үшінші Меморандумға Әзірбайжан патенттік ведомствосымен (COPAT) қол қойылды. Күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу және патенттік ведомстволар арасындағы қатынастардың одан әрі дамуы туралы талқылау өтті. Агенттігінің басқарма мүшесі Sanan TAPDIGOV ведомствоның одан әрі ынтымақтастықты кеңейтуге бейілділігін білдірді.
Ассамблеяны өткізу барысында директор Е.Оспановтың және TURKPATENT төрағасы Mr. Cemil BASPINAR кездесуі өтті, оның шеңберінде тараптар екіжақты қарым-қатынастардың оң динамикасын және бұрын қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде бірлескен іс-шараларды талқылады.