Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Редакция жасалатын PDF документтеріне көшу туралы ұлттық зияткерлік меншік Ведомстволарына арналған ДЗМҰ онлайн жаттықтыру сабағы өтті

29 маусым, 2023

2023 жылғы 29 маусымда ұлттық зияткерлік меншік Ведомстволарына арналған Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының ұйымдастыруымен және Қытай ұлттық зияткерлік меншік администрациясының ынтымақтастығымен "Редакция жасалатын PDF документтеріне көшу" тақырыбында онлайн жаттықтыру сабағы өтті

Жаттықтыру сабағы барысында ДЗМҰ және Мүше-мемлекеттердің арасындағы документ алмасу жолдарының тиімді түрлері, ДЗМҰ дайындаған жаңа Мадрид жүйесіне қатысты жұмысты жеңілдететін платформалардың демо көрсетілімі, сондай-ақ осы тақырыптардың негізінде болашаққа көзқарастар талқыланды.

Казпатентті ДЗМҰ редакция жасалатын PDF документтерімен жұмыс жасау тәжірибесін жеткізу үшін шақырды. Спикер ретінде Тауар таңбалары, географиялық нұсқамалар, тауар шығарылған жерлердің атаулары және өнеркәсіптік үлгілер департаментінің сарапшысы - Ербол Н. "Редакция жасалатын PDF-терді қолданатын Мүше-ведомстволардың инсайттары" тақырыбында қатысты. Сарапшы редакция жасалатын PDF документтерін қолданудың жаңа жолын баяндады: Казпатент Автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің ДЗМҰ Өнеркәсіптік меншікті басқару жүйесіне (IPAS) балама ретіндегі адаптацияланған қолданысы.