Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide

Qazpatent «БҰҰ-әйелдер» «Мәдени және креативті индустриялар. Тең қатысу принциптері» курсы аясында бейнелеу өнері туындыларын құқықтық қорғау мәселелеріне шолу жасады

14 маусым, 2023

Астана, 2023 жылғы 14 маусым – Qazpatent, Ұлттық зияткерлік меншік институты «Мәдени және креативті индустриялар. Тең қатысу принциптері» семинарлар сериясы аясында бейнелеу өнері туындыларын құқықтық қорғау туралы ақпаратты таныстырып өтті.

Семинарлар 7-21 маусым аралығында қазақстандық суретшілерінің белсенді және талантты қоғамдастығы үшін «БҰҰ-әйелдер» және Қазақстан Суретшілер одағы сондай-ақ ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Әйелдер лигасының шығармашылық бастамасының қолдауымен ұйымдастырылды.

Презентация барысында Qazpatent өкілдері бейнелеу өнері туындыларына назар аудара отырып, авторлық құқық объектілерін құқықтық қорғаудың ерекшеліктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Туындыларға айрықша құқықтарды беруді реттеу мәселелері, сондай-ақ авторлар мен өзге де құқық иеленушілердің бұзылған құқықтарын қорғау тетіктері ұсынылды. Семинарға қатысушылар өздерінің шығармашылық жұмыстарын қорғау үшін құқықтық тетіктерді тиімді қолдану бойынша құнды білім мен ұсыныстар алды.

Бұл курс суретшілердің білімі мен дағдыларын монетизациялауға, сондай-ақ өзінің бірегейлігін қалай табуға және «Креативті экономика» тұжырымдамасында табысты өмір сүруге бағытталған.