Ұлттық зияткерлік меншік институты
2023 жылғы 6 маусымда «Өнертабыстар мен пайдалы модельдерді құқықтық қорғау» тақырыбында «Ғылым қоры» АҚ 2022 ж. жобалар конкурсының грант алушылары үшін вебинар өтті.
Вебинар шеңберінде зияткерлік меншік саласындағы қолданыстағы заңнамалық актілер, өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу, өнертабыстар мен пайдалы модельдерге формула жасау, патенттік-ақпараттық іздестіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік меншік объектілерінің мемлекеттік тізілімдері мәселелері ашылды.
Вебинарға қатысушыларды қорғау құжаттарының қолданылу мерзімдері, сараптама кезеңдері, патенттік іздеуге арналған қолданыстағы дерекқорлар, сондай-ақ қорғау құжаттарын ұзарту мәселелері қызықтырды.
Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.