Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide

Qazpatent Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистранттары мен докторанттарына семинар өткізді

02 маусым, 2023

2023 жылғы 2 маусымда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистранттары мен докторанттарына арналған «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау» тақырыбында семинар өтті.

Семинар аясында авторлық құқық пен өнертабыстарды құқықтық қорғау, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілерін қорғау мәселелері ашылды.

Семинарға қатысушыларды Авторлық құқықты тіркеу, қорғау құжаттарының қолданылу мерзімі, сондай-ақ сараптама кезеңдері мәселелері қызықтырды.

Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.