Ұлттық зияткерлік меншік институты
2023 жылғы 29 Мамырда жас өнертапқыштың VII мектебі аясында Астана қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің білім алушыларына «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараға Qazpatent сарапшылары, ҚР ІІМ өкілі және Астана қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы қатысты.
Семинар аясында Зияткерлік меншікті қорғау, Қазақстандағы зияткерлік меншік құқықтарының бұзылуына мониторинг жүргізу, сондай-ақ зияткерлік меншік саласындағы сот практикасы мәселелері ашылды.
Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.