Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Qazpatent сарапшылары Ұлыбританияның Зияткерлік меншік ведомствосына (UKIPO) барып келді

23 мамыр, 2023

2023 жылғы 22-23 мамырда Qazpatent делегациясы құрамында Алматы қаласы филиалының директоры З.О. Орынбекова, Тауар белгілері, географиялық нұсқаулер, тауарлар шығарылған жерлердің атаулары және өнеркәсіптік үлгілер департаментінің басшысы Г.Д. Белгожина және сарапшылар Г. Қазиева, А. Сатанова, Д. Асилбекова, И. Тайбергенова, К. Дүйсенбаева бар, қазіргі уақытта Лондондағы King’s колледжінде тағылымдамадан өтіп жатқан, Ұлыбританияның зияткерлік меншік ведомствосына (UKIPO) іс-сапармен барып келді.

Осы сапар аясында тауар белгілеріне, географиялық нұсқауларға, өнеркәсіптік үлгілер мен өнертабыстарға өтінімдерді сараптау мәселелері бойынша тренинг өтті. UKIPO әріптестері кеңсе ғимаратында экскурсия өткізді және өнеркәсіптік меншік объектілеріне сараптамалық жұмыстар жүргізу тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ зияткерлік меншік саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Ұлыбританияның патенттік ведомствосының тарихы терең тарихи тамырларға ие және Qazpatent сарапшыларының сапары сараптамалық жұмыстарды жетілдіру және Қазақстандағы зияткерлік меншік жүйесін дамыту үшін маңызды мәнге ие.

Сонымен қатар, Qazpatent сарапшылары UKIPO сарапшыларымен бірлесіп, Ұлыбритания кәсіпкерлері үшін Қазақстандағы зияткерлік меншік объектілерін қорғау жөніндегі қысқаша гайд әзірледі, онымен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.uk/guidance/ip-in-kazakhstan#copyright

Ведомстволар арасындағы ынтымақтастық жалғасатын болады. Екі мемлекет те зияткерлік меншік саласындағы прогрессивті саясатты ұстанады және оның инновациялар мен экономикалық өсуді ынталандыру үшін маңыздылығын түсінеді. Тұрақты тәжірибе, ақпарат және озық тәжірибемен алмасу екі елдің технологиялық дамуы үшін қолайлы орта құруға ықпал ететін болады.